Халық игілігі үшін. Кеген аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп, бүгін қолданысқа берілді. Жыл бойына жалғасқан жөндеу жұмыстарының нәтижесінде емдеу мекемесі қажетті медициналық құрылғылармен жабдықталыпты. Енді ауданның 26 мыңнан аса тұрғынына сапалы медициналық көмек көрсетепек.