Қазақстан азаматтарының салық мәдениеті туралы түсінігі төмен. Сала мамандары осылай, – дейді. Мәселен, бір ғана Алматы облысы тұрғындарының мүлік пен көлік салығы берешегі 2 млрд теңгеден асып кеткен. Қара тізімде тұрғандары қаншама. Тіпті 5 мың адамға шетелге шығуға тыйым салыныпты.