Қазақстанда жекеменшік мектептердің саны 400-ден асты. Десекте білім ордаларында 250 мыңнан астам орын жетіспейді. Бұл көрсеткіш үш жылда 1 млн-нан асады деген болжам бар. Сол себепті Үкімет мемлекеттік мектептермен қатар жекеменшік білім ошақтарын да қолдауға көңіл бөле бастады. Жеке білім ордалары еліміздегі мектеп тапшылығын шешуге оң ықпал етері анық.