Ұлттық мерекеде Ақсулықтардың да қуанышы еселенді. Мереке қарсаңында 50 жан пәтерлі болды. Баспаналы болып жатқандар бұл ең біріншіден дербестіктің, тәуелсіздіктің арқасы екендігін атап өтті. Аудан әкімі жаңа қоныс иелерін қуанышымен бөлісіп, мейрамымен құттықтады.