Шынықсаң, шымыр боласың. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанған адам өзін жас сезінеді. Бұған дәлел Алматы облысындағы Талғар ауданының тұрғыны Батиха Жөнкешованың өмір салты. 74 жастағы әже зілтемір көтеріп, фитнес залда денесін шынықтырады. Зейнеткер 6 баланың анасы, 10 немеренің апасы екен.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.