Соғыс уақытында Қазақстанда тұрып, қазір АҚШ та мекен етіп жатыр. Отандасымыз Гүлмира Пірназарова АҚШ қа барған сапарында екі әжені кезіктіріп, арнамызға сол жандардың сұхбатын жіберген болатын. Айтуларынша 2 дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазақстанда эвакуацияланып, Ақмола, Қызылорда қаласында тұрған. Ол кезде 7-8 жасар болыпты. Украиналық әжейлер қиын қыстау кезенде біздің мемлекетте тұрғанына ризашылығын білдіреді. Соламифа Гримперг өз сөзінде алғашында 33 күн бойы Қазақстанға жол жүргенде неміс әскерлері шабуыл жасағанын айтады. Ал елімізге келгенде қазақ халқы қонақжайлылық танытып, құшағына басқан. Алғыстары шексіз.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






