Адалдық, ерлік және мінсіз қызмет. Жетісу облысында Қазақстан полициясы күні салтанатты түрде аталып өтті. Тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген құқық қорғау саласының қызметкерлерін департамент басшылығы, ардагерлер мен әріптестері құттықтады. Шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, құқық қорғаушылардың еңбегіне алғыс білдірді. Салтанатты жиында үздік қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






