Үш ірі қаржы институты Жетісу облысының экономикасына инвестиция салмақ. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің банк өкілдерімен кездесу барысында белгілі болды. Жиынға Дүниежүзілік банкі, Еуропалық Қайта Құру және Азия даму банкі өкілдері қатысты. Бейбіт Исабаев ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, жаңа зауыт жобаларын қолға алу керектігін айтты. Соның ішінде Алакөл ауданындағы қант зауытын қалпына келтіру үшін инвесторлар іздестірілуде. Бұнымен қоса, өңір басшысы 4 маусымды қамти отырып, өлкедегі туризмды дамыту жөнінде ұсыныс тастады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






