Алматы облысы, Талғар ауданындағы 1200 орынды білім мекемесінің сапасы сын көтермей тұр. Бар болғаны 6 ай қолданыста ғана болған. Ата-аналар қабырғалары жарылып, ызданғанын әлеуметтік желіге салып, шағымдаған. Мән-жайды тілшіміз М.Берікқызы біліп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






