Бүгінгі таңда елімізде 140 баламалаы қуат көзі бар. Ортақ қуаты – 2300 МВТ. Алдағы 3 жылда қосымша 48 нысан ашу межеленіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Премьер Министр экономика дамуы тікелей энергетика саласы жұмысының тұрақтылығына байланысты екенін атап өтті. Жаңалығы: Әлихан Смайылов қазанның соңына дейін Үкімет қарауына “Тарифті инвестицияға айырбастау” саясатының нақты тетіктерін ұсынуға тапсырма берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.