Өңірде ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейтілді. Қазір Жетісу облысында «Назар аударыңыз!» республикалық акциясы өтіп жатыр. Іс-шара аясында көліктік бақылау инспекциясы мен полиция қызметкерлері бірлескен рейд ұйымдастырып, ауыр жүк көліктерінің салмағын тексеруде. Негізгі мақсат – автожолдарды сақтау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






