Өзіміз үшін, еліміз үшін маңызды! Панфилов ауданының тұрғындары ел болашағы, бақытты өмірі үшін бір кісідей дауыс берді. Жаркент қаласында ең алғашқылардың бірі болып, 100 жастағы Зейнелхан Оспанова сайлау учаскесіне келді. 12 құрсақ көтерген алтын алқа иегері саналы ғұмырында барлық саяси науқанға белсенді қатысып келе жатыр. Жалпы аудан бойынша 74 сайлау учаскесі болса, онда 85 мыңға жуық тұрғын дауыс берушілер санатында. Қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәкіржан Күзиев те бар. Дауыс беру үшін Астанадан арнайы келіпті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.