Биылғы жылыту маусымында Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақта екі бірдей блокты модульды қазандық салынды. Қазір біреуі толық іске қосылып, 18 пәтерлі көп қабатты үйге жылу берді. Айта кетейік бұл үй 30 жыл бойы орталықтанған жылыу жүйесінен ажырап қалған еді. Екінші қазандықтың жұмысы 1 айдан кейін жанданбақ. Сол кезде, 95 абонент және орта мектеп пен балабақша жылумен қамтылмақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






