Көксу ауданындағы екі ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Енді Ақшатоған және Еңбекшіқазақ елді-мекендегі тұрғындарға ем-дом алуға аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Су жаңа денсаулық сақтау ғимараты халық игілігіне қолданысқа берілді. Жас дәрігерлер де жұмысқа тартылып, науқастарға қызмет көрсетуге дайын.