Жетісу облысына ресми сапармен Айман Омарова келді. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Талдықорғандағы бірқатар әлеуметтік нысандарының қызметімен танысты. Ол ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаеваның тапсырмасы бойынша осы аймаққа ат басын бұрып отыр. Белгілі құқық қорғаушы ең өзекті мәселелерді анықтап, жоғары деңгейде шешуді көздейді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.