ҚР-ның Тіл туралы заңына өзгертулер енгізу қажет. Бұл ұсыныс Алматы облысы орталығында «Қазақтану – қазіргі заман мәселесі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында айтылды. Тіл жанашырларының сөзінше, заң аясында мемлекеттік тілді дұрыс қолданбау фактілері орын алған жағдайда ескертуден басқа еш шара қабылданбайды. Сондықтан, заң тармақтарын қайта қарастыру қажет. Өте өзекті мәселе. Халықаралық қазақ тілі қоғамы ұйымдастырған жиын барысында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мен мәртебесін арттыруға байланысты бірқатар ұсыныстар айтылып, баяндамалар оқылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.