Жетісу облысының “Жетісу тарландары” клубы “Айбын-2026” XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды. Жерлестеріміз әскери-қолданбалы сайыстардың барлық кезеңінде жоғары дайындықтарын көрсетіп, тапсырмаларды мінсіз орындады. Нәтижесінде қарсыластарынан оқ бойы озып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Талдықорғанға оралған Жеңімпаздарды жанкүйерлерімен туған туыстары қарсы алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






