Алматы облысында жыл басынан бері 11 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы жер қатынастары басқармасының өкілі өңірлік баспасөз брифингінде айтты. Сөзінше, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен бұл аумаққа иелік еткен субъекттер анықталып, учаскелерді заңсыз деп тану туралы шешім шығарылған. Ал ерікті негізде 40 мың гектарға жуық жер қайтарылыпты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.