Жетісу дәрігерлері ауыр науқасқа екінші өмір сыйлады. Талдықорғандық тұрғынға бір мезетте 3 операция жасады. Кардиологтар мен онкологтар бірлесіп мұндай операция жасауды тәжірбиеге енгізіп жатыр. Яғни ,бір уақытта жүрек клапанын ауыстырды. Сонымен қатар, метастаздардан зақымдалған сол жақ өкпенің үлесі мен рак клеткаларынан зардап шеккен бүйректі алып тастады. Салалық дәрігерлердің бастамасы елімізде тұңғыш рет іске асып, тиімділігін көрсетті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.