Қазақ телевизиясының майталманы, белгілі журналист Бейсен Құранбектің өмірден озғанына биыл 3 жыл. Азғана ғұмыр кешседе ғибратқа толы еңбек қалдырып кетті. Оның халқына арнаған сөздерімен игі-іс шаралары жас ұрпаққа үлгі өнеге. Оны жастардың бойына сіңіру үшін Талдықорғандағы №17 орта мектепте Аңыз адам – Бейсен Құранбек жобасы былтыр басталды. Осы жоба аясында “Халқым деп соққан жүрегі” кеші ұйымдастырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.