Жаппай қуғын-сүргін жылдары Қазақ КСР-нің 100 мыңнан астам тұрғыны саяси себептермен қуғын-сүргінге ұшырады. Оның 25 мыңы атылды. Олардың қатарында белгілі ақын, драматург және прозашы Ілияс Жансүгіров бар. Оның есімі қайтыс болғаннан кейін 20 жыл өткен соң ғана ақталды. Талдықорғандағы әдеби мұражайы қазақ зиялыларының дарынды өкілінің, қазақ халқының ұлттық поэтикалық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаның тарихын сақтайды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.