Алматы облысының әкімі және “Ташяпы иншаат” түрік компаниясының басшылығы өңірде ЛРТ салу туралы Меморандумға қол қойды. Алматы қаласы мен қала маңы аймағының жолдары мен қоғамдық көліктерінің толып кетуіне байланысты көліктің баламалы түрлері қарастырылуда. “Ташяпы иншаат” жобалық ұйымында Алматы агломерациясының көлік проблемаларын шешу үшін негіз бола алатын Қаскелең-Есік-Талғар-Алматы қаласы-Ұзынағаш ауылы бағыты бойынша ЛРТ жүйесін дамыту нұсқасы ұсынылған. Шетелдік компания өкілдерінің айтуынша, жобаны іске асыру бірінші кезекте Талғар – Алматы бағыты бойынша басталады. Жобаны төрт-бес жыл ішінде толық аяқтауға ниетті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.