Жетісу өңіріндегі 142 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Десе де оның 60 мың гектары әлі де бұрынғы иелерінің атында тұр. Бұл туралы бүгін Жетісу облыстық прокуратурасының алқа мәжілісінде айтылды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев қатысты. Жерге қатысты сұрақ көп. Сорақысы сол, Ескелді мен Алакөл аудандарында қайтыс болғандардың атына рәсімделген жерлер бары анықталған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.