Медицина кәсібі – мамандықтың асылы. Алматы облысының дәрігерлері төл мерекелерін атап өтті. Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев мамандарды кәсіби мейрамымен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады. Денсаулық сақтау саласына өлшеусіз үлесін қосып, өңір медицинасының дамуына еңбек сіңірген бірқатар азаматқа «Еңбек ардагері» медалі, Құрмет грамотасы, алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.