Облысымыздағы туристік аймақтардың бірі – Алакөл. Оның емдік қасиеті тарихтан мәлім. Судың құрамында Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі дейді мамандар. Өңірде туризмді дамыту үшін кешенді шаралар, түрлі фестивальдер ұйымдастырылады. Таяуда “VISIT ZHETYSU” туристік ақпараттық орталығы журналистерді көл жағалауымен таныстырды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.