Облысымызда алғашқы рет “Абысын – ажын” байқауы өтті. Мәдениет сарайында ұйымдастырылған шараға “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы ұйтқы болды. Байқаудың бас мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Облыстық байқау жеңімпаздары Республикаға жолдама алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.