Бүгін Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Гвидас Керушаускас Жетісуға келді. Бұл литвалық елшінің өңірге алғаш сапары. Ресми өкілмен кездесуінде облыс басшысы Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және инвестициялық мүмкіндіктері жайлы қысқаша айтып берді. Өз кезегінде Гвидас Керушаускаста екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыстар жайына тоқталды. Литваның қазіргі экономикалық бағыт-бағдарынан хабардар етті. Кездесу барысында екі жақты қарым-қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.