Белгілі қоғам қайраткері, мәжіліс депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болды. Қорғаныс министрлігі 2 шілде күні Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өтеп жүрген қатардағы жауынгер қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшінің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезінде белгісіз бағытта қашып кеткенін хабарлады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.