“Сұраған алады, іздеген табады”. Заңға томпақ келмесе… Бүгін Жетісу облысы әкімінің жеке қабылдауына келген Қуаныш Қапанов үйіне қуана қайтты. 1-ші топ мүгедегі облыс зағиптарына ортақ бірнеше проблеманы көтерген еді. Ұсыныс-сұраныстары тегіс әкімнен қолдау тапты. Бұл қатарда: зағип жастарды жұмыспен қамту, әр ауданға бір тифлопедагог даярлау, қоғамдық көліктерде аялдамаларды дауыстық хабарлау тб мәселелер бар. Бейбіт Исабаевтың алдына 10 нан аса адам кірді. Сұрақтар түрлі. Әрбірінің өтініш-шағымы заң мен адамшылық таразысында салмақтанды. Не нақты жауап, не нақты қолдау тауып жатты
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.