Енді мұнан былай 80 миллион теңгенің отасын Жетісу облысында тегін жасатуға мүмкіндік бар. Өңірдің кардиохирургтері астаналық мамандармен бірлесіп, алғаш рет жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау операциясын сәтті өткізді. Бұған дейін мұндай күрделі ота үшін науқастар Астанаға жіберілетін. Енді жоғары технологиялық медициналық көмек Талдықорғанда мемлекеттік квота аясында көрсетіледі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






