Жетісулық тұрғындар интернет-алаяқтарға алданып, 200 млннан астам теңгесінен айырылған. Әккіленгендер ақша алудың түрлі айла-шарғысын ойлап табуда. Соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңірде 410 интернет алаяқтық фактілері тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға көп. Басым бөлігі телеграм, колеса, олх сынды қосымшаларды қолдану арқылы тұрғындарды арбауына түсірген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.