Биыл Талдықорған – Үштөбе бағытындағы тасжол күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Қаратал ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеді. Бейбіт Исабаев өз сөзінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысы республика көлемінде үздіктер қатарынан көрінгенін атап өтті. Бұл аймақ халқының бірлескен еңбегі мен жүйелі жұмысының нәтижесі деді. Жиын барысында сондай-ақ, өңірдің даму қарқыны сараланып, алдағы жоспарлары да кеңінен таныстырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






