“Айналайын” балалар үйінің түлектерін әлеуметтендіру және қолдау қызметін ұйымдастыру. Бұл – мемлекеттік грант шеңберінде жүзеге асып жатқан жоба. Аясында Талдықорғанда балалар үйі түлектерінің басын қосқан форум өтті. Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысының іске асуына Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ықпал етті. Ал, игі шараның ұйымдастырушысы – “Жетісу облыстық мүгедектігі бар адамдардың қоғамы” бірлестігі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.