Судың да сұрауы бар. Бұл мақалдың мағынасының салмақты екенін Сарыөзек жұрты соңғы бірнеше жылда түсініп те, сезініп те келді. Енді бір айда тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындардың бұл қиындығы да артта қалмақ. Мемлекеттен 4.5 млрд теңге қаржы бөлініп, ауылдың су жүйесі тұтас жаңартылды. Қазір орталықтандырылған суға тұрғындар мен нысандар біртіндеп қосылып келеді. Ал бірінші кезеңге тиесілі көшелер толығымен сапалы суға қол жеткізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






