Қазақстанда жайлы мектептер салуға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі айтты. “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы оқушылар орны тапшылығын шешуге, апатты мектептер мен үш ауысымда оқытуды жоюға бағытталған. Ғани Бейсембаевтың сөзінше, 2024-2025 жылдары 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарда. Биыл 217 мектеп қолданысқа беріледі. Оның үстіне 163-і ауылдық жерлерде салынады. Премьер-Министр “Жайлы мектепті” мектепке аса мұқтаж өңірлерде салу қажеттігін баса айтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.