Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіруді міндеттеді. Президент бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін де атап өтті. Айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ. Бүгін “Ортақ мәселеде” Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” акциясының жұмыстарына тоқталамыз.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.