Жетісу жасыл желегімен, Талдықорған тазалығымен танылған қала. Алайда былтыр осы атқа, затымыз сай болмай қалған еді. Түрлі себептермен көгалдандыру жұмыстары кешеуілдеді. Соның бірі мердігер компаниялардың бір-бірімен келісе алмауы. Су бұрқақтарға қатысты да біраз сын айтылды. Биыл бұл мәселенің алдын алу мақсатында қалалық мәслихат депутаттары шаһарды аралап, абаттандыру жұмыстарымен танысты.