Талдықорғанда балаларды күй күмбірімен тәрбиелейтін балабақша бар. Мұнда бүлдіршіндер күн сайын кемі 15 минут күй тыңдайды. Сөйтіп қазақы әуенді бойына сіңіреді. Осындай ұлттық өнерді ұлықтап жүрген тәрбие ошағында “Ұлттық құндылық – ұлттық тәрбие” атты семинар ұйымдастырылды. Балақайлар қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыпынан көрініс көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Шараның құрметті қонағы боп қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.