«Ауыл аманаты» жобасы ауылдағы ағайынның табысын арттырады. Мемлекеттік бағдарлама ауыл-аймақта қалай іске асып жатыр? Осыны көрмекке, нақтысын білмекке Алматы облысына Премьер-Министрдің орынбасары арнайы іс-сапармен келді. Тамара Дүйсенова бірнеше ауданда болып, өндіріс орындарының жұмысымен танысты.