Кеген мен Райымбек ауданының 68 тұрғыны Алматы облысы әкімінен араша сұрайды. Олар «Нұрай Несие» кредиттік серіктестігінен қарыз алып, толықтай құтылса да, шоттары бұғатталған. Тіпті несиені өтегендеріне 5-6 жыл өткен көрінеді. Алайда биыл шоттары бұғатталып, «Жетісу» ӘКК — да қарыздары бар екенін білген. Меруерт Қыдырбайқызы жапа шеккен тұрғындармен тілдесіпті.