Кеген мен Райымбек ауданының 68 тұрғыны Алматы облысы әкімінен араша сұрайды. Олар «Нұрай Несие» кредиттік серіктестігінен қарыз алып, толықтай құтылса да, шоттары бұғатталған. Тіпті несиені өтегендеріне 5-6 жыл өткен көрінеді. Алайда биыл шоттары бұғатталып, «Жетісу» ӘКК – да қарыздары бар екенін білген. Меруерт Қыдырбайқызы жапа шеккен тұрғындармен тілдесіпті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.