Жетісулық құрлысшылар кәсіби мерекелеріне орай Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың қолынан марапат алды. Оларға “Құрмет”, “3 дәрежелі еңбек даңқы” ордендері және “Ерен еңбегі үшін” төсбелгілері табысталды. Мемлекеттік наградалар Президенттің жарлығымен беріліп отыр. Қай жерде болмасын қай елде өркениеттің қалыптасуында құрылысшылардың еңбегі зор. Мәртебелі мамандық иелері ұлықталған салтанатты шарада аймақ басшысы саланың өңірдегі өкілдеріне шынайы алғысын білдірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.