Бүгін ҚР Премьер – Министрі Олжас Бектенов Жетісу облысына келді. Мақсаты: Мемлекет басшысының аймақты әлеуметтік – экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын саралау. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Үкімет басшысына аймақ дамуы бойынша ақпар берді. Жыл соңына дейін Жетісу облысына 375 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Меже ауқымды. 58 инвест жоба жүзеге асырып, 1,5 мыңнан аса жұмыс орнын құру.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.