Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Талдықорғанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға өңірдің шығармашылық өкілдері мен өнер майталмандары түгел жиналды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысып, мәдениет саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






