Биыл Жетісу облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 22 мың тоннадан аса ауыл шаруашылық өнімдері сақталады. Бұл мақсатқа «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Сонымен қатар 20-дан аса тауар өндірушіге жеңілдетілген несие беріп, көкөністі бекітілген бағада сату туралы өзара келісім жасаған.