Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумда өз таңдауын жасады. Өңір басшысы Қонаевтағы Мәдениет үйінде орналасқан №949 референдум учаскесіне барып, дауыс берді. Айта кетейік, елімізде жалпыұлттық референдум 3- мәрте өткізілуде. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, сағат 12.00-дегі есеп бойынша, республика халқының 39,23%-ы дауыс беруге келген. Ал бұл уақытта өңірдегі халықтың 40 пайыздан астамы таңдау жасаған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.