Көксу ауданында орталық аурухананың бұрынғы медбикесі тұрғындарды алдап, оншақты адамның атына несие рәсімдеген. Жалпы соммасы 6 млн теңге. Алаяқтық жолмен қомақты қаржыны иемденген азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғалып, бір ай бұрын сот үкімі шықты. Алайда жәбірленушілер ақшаларын қайтара алмай әлек. Несиелерін өздері төлеп жүр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.