Көксу қант зауыты алдындағы кезек азаяр емес. Қызылша тиеген көліктер керуеніне біреу сүйіне, біреу күйіне көз тастап жатқаны жасырын емес. Бар мәселе – биыл шикізаттың көп болуында. Қызылша алқабы ұлғайтылды, өнім де көп шықты. Нәтижесінде – зауыттың қабылдау пункті күшейтілген режімде жұмыс жасауға мәжбүр. Нысан күніне 150-160 көлік қабылдап жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.