180 бас қаз өсірген қарапайым отбасы. Қаратал ауданына қарасты Ортатөбе ауылында Елшібековтар әулеті қаз өсіріп, еті мен майын сатады. Тіпті мамық жүнін кәдеге жаратады. Кәсібін 30 құспен бастаған тұрғын қазір тірлігі түлеп, ісі ілгерілеп келеді. Адам денсаулығына пайдасы мол құс етіне сұраныс та мол. Сондықтан шағын фермер кәсібін одан әрі кеңейтуді мақсат етіп отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.