Талдықорғанда салынғаннан бастап сынның астында қалған смарт аялдамалар қайта қалпына келтіріліп жатыр. Цифрландыру саясаты аясында жүзеге асқан жоба осыдан 6 жыл бұрын қолға алынған еді. Алайда қыруар қаржыға салынған ақылды нысан негізгі міндетін атқара алмады. Тұрғындарға қызмет етпей жатып тозығы жетті. Қайта жөндеуден өткенінен қандай пайда бар? Халық қажетіне жарай ма?
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.